«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев Ақтөбе облысының әкімін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды.

Оңдасын Оразалин аймақты дамыту жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батыс өңірді толықтай азық-түлікпен қамтамсыз ету мүмкіндігін пайдалана отырып, мал азығын дайындауды арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу көзделген. Облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтіп, аймаққа инвестиция тарту жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, оны ретімен шешуді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды. 

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАР: 5500 БАЛАНЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ

admin_mugalzhar

В WhatsApp появится новая функция

admin_mugalzhar

Қазақстан халқы желтоқсан айында қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.