«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мал ұрлығы: 86 дерек тіркелді

Қылмыс

Ақтөбелік полицейлер жаз мезгілінде мал ұрлығының көбейетінін айтады. Сондықтан да болар, учаскелік инспекторлар үшін жаз мезгілі жұмыстың екі есе артатын уақыты. Тәртіп сақшылары тұрақты түнгі рейдтер қылмыскерлерді ұстауда да, мал ұрлығының алдын алуда да оң нәтиже беріп отырғанын айтады.

— Бұл ретте тек полицияның күшіне сүйену жеткіліксіз. Аудан тұрғындары өз малын  қараусыз қалдырмауы керек, — дейді облыстық полиция департаменті бастығы Атығай Арыстанов.

Полицейлердің айтуынша, малды ұрлап, сатып жіберу көп уақыт алмайды, кейін оның ізін табу қиын. Сондықтан малды сенімді бағымға беру, жайылымда тәулік бойы бақылау, малды жайылымнан уақтылы күтіп алу, оларды ұстау орындарын нығайту, ұрылардан қорғауды қамтамасыз ету қажет. Кей жағдайларда малшылардың өздері сеніп тапсырылған малды ұрлайды екен.

Мысалы, 29 тамызда Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылынан 18 шақырым жерде еркін жайылымнан Шалқар ауданы тұрғынына — шаруа қожалығына тиесілі 9 бас қой ұрланған. Шығын 462 мың теңге болған.  Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Ырғыз ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Ол әлгі шаруа қожалығының малшысы болып шыққан. Ұрланған мүлік  тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Малшы жасаған әрекетін мойындады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Жыл басынан бергі 8 айда облыста мал ұрлығының 86 дерегі тіркелді, оның

80%-ы еркін жайылымнан ұрланған.

—  Шаруашылық иелері мен басшыларының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен аудан әкімдіктерінің мал жаю, есепке алу, таңбалау, сырғалау және паспорттауды ұйымдастыруға міндеттейтін құқықтық базаны орындамаулары да барымташыларға мал ұрлауға жол ашып беріп отыр. Азаматтардан барлық ұсыныстарды сақтауды, малдарын қараусыз қалдырмауды және қорғауды сұраймыз, — дейді Атығай Арыстанов.

М.ТАБЫН. «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ЕРЛІКТЕР ЕШҚАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

admin_mugalzhar

Грант иегерлері анықталды

admin_mugalzhar

Президент Банктер туралы жаңа заң қабылдауды тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.