«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 25 наурызда басталады

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады және 121 күнге созылады.  Бұл туралы olympic.kz Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап хабарлады.  Олимпиада алауының эстафетасы Фукусимадағы футбол орталығында басталып, кейін Жапонияның 47 префектурасында қонақ болады.  «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті коронавирус індетіне байланысты қауіпсіздік талаптарын күшейтеді деп күтілуде. Одан бөлек, ұйымдастырушылар Олимпиада алауы эстафетасын мейілінше жеңіл өткізудің жолдарын қарастырып жатыр.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

4625 ТОННА АСТЫҚ — ҚАМБАДА

admin_mugalzhar

Kaspi.kz және Halyk Bank қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды

admin_mugalzhar

TikTok әлеуметтік желісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ҚОҒАМ» тақырыбында республикалық байқау өтуде

admin_mugalzhar