«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҰҰ Бас хатшысы: Қайтыс болған миллион адамның тағдыры бізді ойландыруы керек

БҰҰ Бас хатшысы үкіметтерді де, қарапайым адамдарды да бұрынғы қателіктерден сабақ алып, адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті мойнына алу қажеттігін айтты.


Ол үшін адамдар бір-бірімен ынтымақтасып, ғалымдарды тыңдау, теріс ақпарат таратпау, қашықтықты сақтау, маска тағу және қол жуу сияқты талаптарды мүлтіксіз орындауы керек. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды. ДДСҰ мәліметінше, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны миллион адамнан асқан. «Біз қорқынышты шектен асып кеттік: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиып кетті. Бұл сан үрей тудырады. Бұл біреудің әкесі мен анасы, әйелі мен ері, ағасы мен әпкесі, досы және әріптесі», — деді Гутерриш. «COVID-19 миллиондаған адамның өмірін өзгертіп қана қоймай, дүниеге келген күнін атап өтуге немесе қымбатты адамдарымызды соңғы сапарға шығарып салу мүмкіндігінен айырды» — деп атап өтті БҰҰ басшысы. «Пандемияның соңы көрінбейді», — деп ескертті Бас хатшы. Бұл адамдар әлі де жұмыстан айырылып, білім алудан қол үзетінін, қалыпты өмірге орала алмайтынын білдіреді. Сонда да болса, Антониу Гутерриш біздің вирусты жеңіп шыға алатынымызға сенімді. Оның айтуынша, көшбасшылардың жауапкершілігі, ғылыми қадам, ынтымақтастық пен сенімді ақпарат бүгінде ерекше маңызды. «Вакцинаны дайындау жұмыстары жүргізілгенше, адамдардың өмірін құтқару үшін қолдан келетіннің бәрін жасайық: физикалық қашықтықты сақтап, маска тағып, қол жуайық», — деп үндеді Бас хатшы.


inform.kz

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және кредиттік пәтермен қамтамасыз етіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.