«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметінің жұмысына оң баға берді

Дүниежүзілік банктің жыл сайын жүргізетін Мемлекеттік басқару индикаторлары (Worldwide Government Indicators) бойынша зерттеуінде Қазақстанның көрсеткіші жақсарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. WGI – Дүниежүзілік банк тобының әлем елдерінің мемлекеттік басқару сапасы мен тиімділігі саласындағы жетістіктерін бағалайтын кешенді зерттеуі. Зерттеу әдістемесінде мемлекеттік басқару сапасының барлық басты параметрін кешенді түрде көрсететін негізгі алты индикатор қолданылады. Жаңартылған есепте Қазақстан 6 көрсеткішінің бесеуін жақсартқан: 1. Үкімет жұмысының тиімділігі; 2. Регуляторлық климат сапасы; 3. Саяси тұрақтылық; 4. Заңның үстемдігі; 5. Жемқорлықпен күрес. Дүниежүзілік банк билік институтын нығайту, оның тиімділігін, ашықтығы мен болжамдылығын арттыру бойынша Үкіметтің бірізді жұмысын жоғары бағалап отыр. Зерттеуге сәйкес, Үкіметтің жұмысының тиімділігі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы және саяси, экономикалық бағдарындағы тұрақтылығы, сонымен қатар халыққа базалық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде (көлік, инфрақұрылым) қанағаттанушылық деңгейінің есебінен көрсеткіші жақсарған. Регуляторлық климат сапасы бойынша Қазақстан бірнеше жыл бойы қалған бес көрсеткіштен қарағанда жақсырақ нәтижеге қол жеткізіп келеді. 2019 жылы Қазақстан бизнес жүргізетін шетелдік инвесторлардың тәуекелдерін азайту бойынша тиімді шараларының арқасында өз позициясын жақсартқан еді. Банк сонымен қатар биліктің сабақтастығы жолға қойылып, ішкі және сыртқы қақтығыстар болмағандықтан елдегі саяси тұрақтылық көрсеткішінің жақсарғанын атап өтеді. Заңның үстемдігі көрсеткіші бойынша дауды реттеудің баламалы жүйесін дамыту, құқықтың қорғалуын қамтамасыз ету және азаматтық, қылмыстық заңнаманың жетілдірілуі есебінен прогрес бары байқалған. Жемқорлықпен күрес индикаторы бизнес жүргізуде жемқорлық қаупінің төмендеуі есебінен жақсарған. Жалпы WGI есебін ұлттық экономикалар болжамы мен несие бағалауын қалыптастыру үшін жетекші халықаралық қаржы ұйымдары, даму институттары мен рейтинг агенттіктері пайдаланады. Сонымен қатар, Fitch рейтинг агенттігінің зерттеуі де ұлттық экономиканы «ВВВ» деңгейінде бекемдеп, Үкімет жұмысының тиімділігін атап өткен.


Ұқсас ақпараттар

Тоқаев шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заңға қол қойды

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Сегодня стартовал прием заявок от кандидатов в Регсовет Палаты предпринимателей Актюбинской области

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.