«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздің барлық әуежайында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде

Еліміздегі әуежайлар биылғы 8 айда шамамен 6,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішінен (11,8 млн адам) 47% аз. Осы кезеңде 3,2 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш те өткен жылдың сәйкес кезеңімен (5,6 млн жолаушы) салыстырғанда 43% төмен. Бұған әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан аумағында әуе рейстерін орындауға енгізілген шектеулер әсер етті. Қазіргі уақытта ішкі рейстер, сонымен қатар Оңтүстік Корея, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Түркия, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет және Ресей сияқты 11 елге тікелей халықаралық жолаушылар рейсі орындалуда. Барлық рейстер ҚР Көліктегі Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің шараларын қатаң сақтай отырып, орындалады. Еліміздің барлық әуежайында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылып, карантиндік шаралар (әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу, қолғап кию) сақталады. Әуежай ғимараттарына кіреберісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында қашықтық сақтап, термометриямен өлшеу жүргізіледі.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма? Есмағамбетова жауап берді

admin_mugalzhar

Үкімет басшысы су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексерулер жүргізуді тапсырды

admin_mugalzhar

Али АЛТЫБАЙ, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы: ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ТАРИХ ӨЗ БАҒАСЫН БЕРЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.