БИЫЛҒЫ БАСЫЛЫМНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АРДАГЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАР ЛЕГІ ГАЗЕТ БЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРІП КЕЛЕДІ. АУДАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖОЛЫНДА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСЫП, БҰҚАРАНЫ БІРЛІККЕ БАУЛЫП, ЕҢБЕККЕ ШАҚЫРҒАН БҰЛ ЖУРНАЛИСТЕР АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМНЫҢ КЕШЕГІ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖАҚСЫ ТАНЫС. ӨЗІНІҢ ӨМІРІН ЖУРНАЛИСТИКАҒА АРНАП, АДАМ ТАҚЫРЫБЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРҚАУ ЕТКЕН ҚУАНЫШ КЕНЖЕҒАЛИЕВ АУДАНҒА БЕЛГІЛІ ОСЫНДАЙ «МҰҒАЛЖАРЛЫҚТЫҢ» БІРІ. 40 ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ БОЙЫ КЕЙІПКЕР ТУРАЛЫ ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН ЖАН БҮГІН БІЗДІҢ КЕЙІПКЕРІМІЗГЕ АЙНАЛДЫ…
Қазіргі » Мұғалжар «, сол кездегі «Жаршы» газетінде 2-3 шумақ өлеңі жарияланғанда, бала Қуаныш Темір орта мектебінде оқитын. Өзінің жүрегін жарып шыққан кішкентай туындысының басылым бетіне шығуы болашақ мамандығын таңдауға әсер еткені анық. Сол күннен бастап апта сайын аудандық газетке мақала жазып тұру әдетке айналды. Мектепті бітірген түлекті журналист болсам деген арманы Алматыға КазГУ-ге алып келді. Шығармашылыққа жаны жақын жастың емтиханнан құлап, ауылға оралғаннан кейін де сағы сынбады. Туған ауылы сол кездегі Победа ауылындағы Абай орта мектебіне жұмысқа тұрды. Араға бір жыл салып, көздеген оқу орнына қайта келіп, бұл жолы сынақтан сүрінбей өтіп, журналистика фа- культетінің студенті атанды. 1973 жылы Қандыағашқа оралып, сол кездегі аудандық газет «Октябрь туы»-«Знамя Октября» газетіне тілші болып қызметке орналасты. Ал 1987 жылы Октябрь аудандық баспаханасының директорлығына тағайын- далған Қуаныш Кенжеғалиев оған қоса Байғанин аудандық баспаханасының директорлығын да қоса атқарады. 1997 жылдан бастап баспахана директорлығымен қоса, аудандық «Мұғалжар» газетінің редакторы болды. «Ол кездер газет үшін ауыр кезеңдер еді. Облыстағы аудандық газеттердің көбі жабылып қалды. Баспаханамен есептесуге, қызметкерлерге жалақы төлеуге аудандық бюджеттің күші келмеді. Бұл — республика көлемінде белең алған жағдай еді. Қызметкерлердің жарты жылдап айлық алмаған кездері болды. Бірақ сол кезде де газет шығып тұрды. «А2″ форматта басылған газеттің әр әрпі қолмен, линотиппен теріліп шығарылатын. Бұның қиындығы сонша, газет қыз- меткерлері кейде үйіне мал өріске шығар уақытта қайтатын. Дегенмен, қиындыққа қарамастан, бәріміз бірлесе отырып, газеттің өз оқырманына уақытында жетуін қамтама- сыз ете алдық», — деп еске алады журналист-кейіпкер. Қуаныш Кенжеғалиев өзінің журналистикадағы алғашқы қадамын бақылап, бағыт-бағдар берген Н.Тастанбаев, Е.Дүйсенбаев, Т.Құлиясов екенін мақтана айтады үнемі. Кезінде Жұрын ауданында газет редакторы болған, алғашқы әйел-журналистің бірі Ж.Балмағамбетова, соғыс ардагері Ж.Тоқтағұлов, тәжіри- белі журналистер Б.Жанасаев, Ә.Сағымбаева, ақын-журналист Е.Кенебаев, Ембі өңіріне кеңінен танымал журналист А.Көздіба- ев, аудандық газеттің редакторы болған Ж.Сегізбаев, фототілші С.Құдабаев, бөлім басшысы болған Р.Сүйіншалина, жау- апты хатшы Ә.Сағымбаевамен бірге қызмет атқарғанын да ұмытпайды. А.Өтегенов, Ә.Оралбай, Ж.Сауқатты шәкіртім деп біледі. Жалпы, журналист — еңбегі елене бермейтін кәсіп иесі. Дегенмен, Қуаныш Кенжеғалиевтің осы жолда қол жеткізген жетістігі мен алған мәртебесі мол. Үш мәрте Қазақстан Журналистері конгресіне делегат болып қаты- сқан Қуаныш ағай осынша рет Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен» , Қазақстан Рес- публикасы Президентінің Алғыс хатымен, “Еңбек ардагері” медалімен, облыс және аудан әкімдерінің грамоталарымен марапатталды. Екі мәрте аудандық және бір рет қалалық Советі атқару комитетінің депутаты болып сайланды. Ақындыққа жақындығы бар кейіпкеріміз бірнеше кітаптардың авторы. Оның қаламынан Ұлы жеңістің 60-70 жылдықтарында «Естелік кітап» пен «Өшпес даңқ» кітаптары, Қандыағаш қаласының 40 жылдығына арналған «Қандыағаш — құтты қала» кітабы, А.Жұбановтың 100 жылдығына орай «А.Жұбанов100 жыл», «Нұралы өткен нұрлы жол», «Ескірмейтін естелік» кітап- тары шықты. Сондай-ақ Мұғалжар аудандық энциклопедиясының, А.Адаевтың «Әлім руы туралы» тарихи кітабының, Ә.Әуелбаевтың естелік кітабының редакторы болды. Бірнеше ондаған очерктер мен мақалалардың авторы. 2010 жылы зейнетке шыққаннан кейін «Мұғалжар-Ақпарат» баспа орталығын ашты. Бүгінде Ақтөбе қаласында тұратын Қуаныш ағай газетімізбен өз байланысын үзген емес. Біз де өз тарапымыздан әр уақытта ағайға хабарласып, кеңес алып, пікірлесіп отырамыз. Мерекелік нөмірге арнайы өз естеліктерімен бөліскен ағамыз сөз соңында бүгінгі газет ұжымын мерейтоймен құттықтауды да ұмытпады. «40 жылға жуық уақыт «Мұғалжар» газетіне шығармашылық өмірімді арнаған екенмін. Осы басылым арқылы журналистикадағы жолым қалыптасты, қаламым ұшталды, оқырманым табылды. Сол күндерден қалған естелік — жазған мақалаларым, ойларым, ел алдына шығарған өлеңдерім. Мен үшін орны бөлек «Мұғалжар» міне, 90-ға толды. Қос ғасырдың тарихын өн бойына сақтап келе жатқан аудандық газеттің ұжымын торқалы тойымен құттықтай отырып, толағай табыс, таусылмай- тын шабыт тілеймін!».
Б.КАРИМАН