«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркияда коронавирус өршіп барады

Түркияда коронавируске шалдыққан науқастардың 40 проценті Ыстамбұлда екен. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді.  Айтуынша, бұл жолғы жұқтыру жылдамдығы мен көлемі бұрынғыға қарағанда күрделі. Десе де, мегаполисте сақтық шаралары арттырылған жоқ. Тек кей саяси партия онлайн форматқа көшті. Соңғы күндерде елде коронавируске шалдыққандар саны 2 мыңнан асып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдары бұл көрсеткіште тек ауруханада ем қабылдап жатқандар көрсетілген дейді. Ал бірнеше күн бұрын денсаулық сақтау министрі COVID-19 клиникалық белгілері жоқ азаматтардың бұл статистикадан 3-4 есе көп екенін айтқан болатын.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

«БАСТАУ БИЗНЕС»: БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

admin_mugalzhar

Тамыз айының соңына дейін Қандыағаш айналма жолы ашылады

admin_mugalzhar

Нью-Йорктегі Barclays Arena жұлдыздар галереясына Димаштың суреті ілінді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.