«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда сайлауға алты партия өтті

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізімін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған «Мұғалжар» газеті.

«Әділет министрлігі саяси партияларға қатысты тіркеуші орган қызметін атқарады. (…) 2020 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша, алты саяси партия тіркелді. 

Nur Otan партиясы, «Ақ жол», Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, «Ауыл», «Бірлік» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Аталған партияларды қайта ұйымдастыру, тарату туралы мәліметтер жоқ. Барлық партияның құрылымдық бөлімшелері бар», — деді әділет вице-министрі Наталья Пан Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

ОСК мүшелері қазақстандық алты саяси партияның сайлауға қатысуына бірауыздан дауыс берді.

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ: МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды

admin_mugalzhar