«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІР ҒАСЫР САНДАРДЫ САРАЛАҒАН САЛА

Статистика — жаппай қоғамдық құбылыстардың сандық жағын олардың сапалық жағымен ажырамас байланыста зерттейтін қоғамдық ғылым. Бүгінгі таңда мемлекеттіғылыми негізделген және нақтыстатистикалық ақпаратсыз басқару мүмкін емес. Мемлекетіміздің дамуы жолында ауыл шаруашылығы, экономика, өнеркәсіп, құрылыс, еңбек, баға, үй шаруашылығы, демография, сауда, қызмет көрсету салаларына қатысты статистикалық мәліметтерді жинап, өңдеп, сандарды сөйлетіп, сапаны сараптаған саланың құрылғанына биыл 100 жыл толды.

Ғасыр тойын тойлағалы отырған аталмыш сала елімізде алғаш рет 1920 жылы 8 қарашада Қазақ АКСР үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «ҚазАКСР-дегі мемлекеттік статистика туралы ережесінің» қабылдануы негізінде пайда болды. Сол күннен бастап, осы күн еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде белгіленіп, кәсіби мерекелердің қатарына енген болатын. Қазақстанда мемлекеттік статистика органдарының жұмысын «Мемлекеттік статистика туралы» заң реттейді. Бүгінгі таңда статистикалық қызметтің дамуы Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспарына сай жүзеге асырылады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын әрбір мемлекеттік орган нақты әрекеттер белгілеп, операциялық жоспар құрады. Сонымен қатар, республикамыздың статистика органдары экономика, әлеуметтік және демографиялық индикатор, баға, ауыл шаруашылығы мен халық тұрмысы секілді түрлі салалар бойынша да халықаралық талаптарға сай объективті және толық мәлімет бере алады. — Жалпы алғанда, статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Себебі, кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның қазіргі статистика жүйесінде Статистика жөніндегі агенттік осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асырушы өкілетті орган саналады және елдегі бүкіл статистикалық қызметті ұйымдастырып, үйлестіріп, бағыттап отырады. Бүгінгі таңда статистикалық қызметтің дамуы Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспарына сай жүзеге асырылады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын әрбір мемлекеттік орган нақты әрекеттер белгілеп, операциялық жоспар құрады, — деді Мұғалжар аудандық статистика басқармасының басшысы Анар Шымқаева. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін алғаш рет 1999 жылы Қазақстан халқының алғашқы ұлттық санағы өткен еді. Осы санақтан кейін Қазақстан Республикасы халқының құрамында және санында, оның әлеуметтікэкономикалық жағдайында көптеген оң өзгерістердің орын алғаны ғылыми деңгейде дәлелденген көрінеді. Ал екінші халық санағы 2009 жылы өткізіліп, атаулы дата ретінде тарихта қалды. Әр 10 жыл сайын өткізіліп тұратын ұлттық санақ ағымдағы жылы өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шараларына байланысты кейінге шегеріліп, 2021 жылдың қазан айына ауыстырылды. Тарихтан тағы бір дерек Ақтөбе өңіріндегі статистика тарихының 1921 жылдың 1 шілдесінен бастау алатынын айтады. Сол кездегі Ақтөбе уездік статистика бюросы Ақтөбе губерниялық статистика бюросы болып қайта құрылды. Ал аудандық статистика басқармасы облыстық департаменттің салалық басқармаларымен бірлесе жұмыс жасап, ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде статистикалық ақпараттарын жетілдіріп, статистикалық ақпараттардың тұтастығын, ақиқаттылығын, сондай-ақ аудан көлемінде статистикалық есептерді уақытылы жиналуын қамтиды. Сонымен қатар, өңірдегі экономикалық және әлеуметтік процесстерді, олардың даму қарқынын зерделеу арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты статистикалық ақпараттарды саралап, сандық көрсеткіштерді жинақтаумен, сол арқылы жалпы ахуалды бақылаумен айналысып келеді.

— Жүз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанның статистика жүйесі халықаралық талаптарға сай өзгерді. Бүгінгі таңда еліміздің бұл саласында заң жүйесі, нарықтық экономика елдеріне сай статистика салалары, статистикалық әдістемелері бар. Сонымен қатар статистика жасау үшін қажетті заманауи технологияларды енгізу жұмыстары да сәтті жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет статистикалық мәліметтер бойынша түрлі салалар мен ведомстволардың жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік алады. Мемлекеттен басқа статистикалық қызмет жұмысына халықаралық ұйымдар мен бизнес-құрылымдар да жүгінеді . Сондықтан да статистиктердің жұмысы — нақтылықтың, талдаудың дұрыстығын талап етеді, — дейді Анар Гербқызы.

Ауданның статистика саласында 2003-2019 жылдар аралығында Марат Нагимов, Ару Ержанова, Амангүл Жаманбаева, Әсел Қалимағанбетова, Алмас Салықбаев, Шынар Қоштанбековалар елеулі еңбек етті. Сонымен қатар ауылдық округтерде қызмет атқарған Жауғашты Мүсіров, Қадиша Төлегенова, Шынаргүл Бітімбаева, Молдабек Құздыбаев, Күләнда Қайырова, Гаухар Есенқожина, Балкенже Сапина, Гүлжахан Саламатова, Нұржамал Омарова, Сауле Сарина, Құладин Байжанов, Сара Ескендірова, Батима Кенжебаева, Рақымжан Кузеевтер қызмет атқарды. Бүгінде 2008 жылдан бері Анар Гербқызы басшылық жасайтын басқармада бас маман Асқар Аманжолов, жетекші мамандар Дана Каримова мен Ақтоты Суюнова қызмет атқарады.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

8,9 млн казақстандық коронавирусқа қарсы толық егілді

admin_mugalzhar

20 күнде 27 мың көлік тіркелді

admin_mugalzhar

Ғалымдар коронавирусты толығымен бейтараптандыратын препарат тапты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.