«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Маман түнде смартфонды неге өшіру керегін айтты

Смартфонды түнде неге өшіру керек? Бұл сұраққа «Роскачества» баспасөз қызметінің маманы Алеся Боровикова жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, қауіпсіздік тұрғысынан смартфонды түнде өшірудің мәні жоқ. Ал психологиялық тұрғыдан мұндай әдіс өзін ақтайды. Ал олай болмаған жағдайда адам смартфонды түнде пайдалануы мүмкін. Осылайша, ол түнде ұйықтай алмауы ықтимал. Мұндай мәселе бар екенін зерттеулер көрсеткен.

«Егер сіз төсекте телефонды қолдансаңыз, телефон параметрлерінде түнгі режимге ауыстырыңыз. Бұл опцияны басқаша да атауға болады (Xiaomi-де оқу режимі, iPhone-да Night Shift). Ол жарық спектрін сарыға ауыстырады. Нәтижесінде көзге жүктеме азаяды», — дейді Алеся Боровикова «Прайм» агенттігіне берген сұхбатында. 

Бұл тәсіл көзге жүктемені азайтуға септігін тигізеді. Алайда қараңғыда смартфонды пайдаланудан туындайтын ұйқының бұзылу мәселесін шешпейді. Экранның жарығы, тіпті қалыпты режимде де сақталады. Сондықтан ұйықтар алдында смартфонды өшіру керек немесе ұйқыдан бір сағат бұрын оны пайдаланбау керек дейді маман.

«Сонымен қатар, телефонды түнде қуаттауға қоймаңыз. Оны таңертең қуаттауға қойған дұрыс. Себебі, телефонды түнде қуат көзіне қою оның аккумуляторына кері әсерін тигізеді», — дейді Боровикова.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР ҰМЫТПАЙДЫ АЙМҰРАТЫН…

admin_mugalzhar

Өткен жылы 8,2 млн көрермен отандық фильмдерді тамашалаған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.