«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токиодағы Олимпиада қатысушылары карантинге оқшауланбайды — ұйымдастырушы

Олимпиада ұйымдастырушылары спортшылар Токиоға келгеннен кейін 14 күн оқшауланбайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Reuters.

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, спортшылар Жапонияға келгенге дейін 72 сағат ішінде коронавирусқа тест тапсырады, бірақ мұны әлі де егжей-тегжей ойластыру керек.

«Токио Олимпиадасына қатысуға құқы бар спортшылар, жаттықтырушылар мен ресми тұлғаларға Жапонияға келгенге дейін тиісті шаралар қабылданған жағдайда елге кіруге рұқсат етіледі», — деді Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы Тоширо Муто баспасөз мәслихатында.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах келесі аптада Жапонияға үш күндік сапармен келуге ниетті, сол кезде коронавирусқа қарсы шешімдер мен шаралар нақтылануы тиіс. 

«Келесі жылдың көктеміне қарай біз шетелдік көрермендерге жоспар дайындаймыз. Барлығын 14 күндік карантинге жатқызу мүмкін емес, сондықтан олар келгенге дейін және келген кезде тест тапсыруы керек», — деді Тоширо Муто. Ол шешім пандемияға байланысты қабылданатынын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

Су тасқынының алдын алу: 16 өңірде 384 бөгет жөнделді

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов: Қазақстан геологиялық барлауды күшейтеді және саланы дамыту үшін жаңа инфрақұрылым құрады

admin_mugalzhar

ЖІӨ өсімі 3,6%-ға дейін өсті, өңдеу секторы 10%-ға жуық өсті

admin_mugalzhar