«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 14-16 қарашада ауа температурасы біртіндеп төмендейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады», — делінген хабарламада.

Түңгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 градус аязға дейін ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

COVID-19: әлемде жұқтырғандар саны 30 млн-нан асты

admin_mugalzhar

МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ: ЖҰМЫССЫЗДАР ЖҰМЫС ТАПТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.