«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОБАЛАРҒА ДЕМЕУШІ ТАБЫЛДЫ

БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚОЛҒА АЛЫНЫП, ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР КӨП.

Ауылды дамыту, көркейту мақсатында жасалынар істі тез әрі тиімді жүргізу үшін ауылдық округ әкімі М.Бокашев «Байлық проект» ЖШСнің директоры Б.Алғазинмен меморандумға қол қойды. Меморандумда көрсетілгендей, кәсіпкер Батпақкөл ауылдық округінің Қожасай ауылына футбол алаңын салуға және Жағабұлақ ауылының негізгі 3 көшесін, атап айтсақ, Н.Қаржаубаев, Мектеп және Жастар көшелерін орташа жөндеуден (асфальттау) өткізуге арнайы жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін демеушілік көрсететін болды. Бұл жобалардың дайын болуы биылғы жылдың соңына дейін деп белгіленді.

С.САПАРҒАЛИ

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР: МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ 126 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Жапония университеті қазақстандықтарға оқу стипендияларын ұсынды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде дүкенге келушілер дезинфекциялық «душ» қабылдайтын болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.