«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сенат депутаты адам құқығын бастауыш сыныптан бастап оқытуды ұсынды

Балаларға қатысты қылмыс саны 8 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24». Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп палатаның жалпы отырысында осы статистиканы жариялап, адам құқығын бастауыш сыныптан бастап оқытуды ұсынды. Өйткені бүлдіршіндер өздеріне қарсы жасалған зорлық-зомбылық деректерін көбіне жасырады. Өйткені баланың құқығын бұзғандардың 70 проценті олардың туысы болып шығады. Сенатордың айтуынша, жалпы отандастарымыз арасында өз құқықтарын білмейтіндер көп. Салдарынан елде қабылданып жатқан заңдар толыққанды қолданылмай жатыр. Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: – Қазір жоғары сыныптарда «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Оның мазмұны адам құқықтары мен бостандықтарының мәні, оларды қорғау тәсілдеріне емес, адам табиғаты туралы жалпы пайымдаулар төңірегінде ғана жүреді. Қоғамдағы ахуалды ескеріп, аталған пәнді бастауыш сыныптардан бастап оқытқан жөн деп есептейміз.

Ұқсас ақпараттар

Қашықтан оқытуда мұғалімдердің жалақысы кемімейді — министр

admin_mugalzhar

204 ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

«КҮМІС ЖАС»: 64 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.