«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта студент жастарды қолдау шаралары жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Студенттерге арналған стипендиялар екі есеге, магистранттар мен докторанттарға — 1,5 есе артады. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға көбейеді», — деді ол «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде.

Бұған дейін ол 2025 жылға дейін Қазақстанда білім гранттарының саны 50% өсетінін айтқан. Бұл 75 мыңға жуық азаматтың университеттерде ақысыз білім алатындығын білдіреді, деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қазір студенттер — 26186 теңге, магистранттар — 66913 теңге, докторанттар — 150000 теңге шәкіртақы алады. 

Еске салсақ, Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасаған болатын. 

Ұқсас ақпараттар

Ғалымдар бір ай бойы нан жемеудің соңы неге әкелетінін айтты

admin_mugalzhar

Қазақстандық мұғалімдердің орташа жалақысы аталды

admin_mugalzhar

ТІРІҢДЕ СЕН БАУЫРЫМ ДЕП КЕТКЕНДЕР БҮГІНДЕ БАУЫР ЕТІҢ БАЛАҢДЫ ЖАТСЫНЫП ЖҮР…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.