«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мүмкіндігі шектеулі 266 азамат жұмысқа орналасты

Бүгінде мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасауға бағытталған түрлі бағдарламалар қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Солардың бірі — «Еңбек» бағдарламасы. Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Алтынай Маханованың айтуынша, бүгінде Ақтөбе қаласында аталған бағдарлама бойынша  мүмкіндігі шектеулі 230 жан белсенді шараларға және тұрақты жұмысқа бағытталды. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 36 мүгедек жол жөндеу және құрылыс саласына уақытша жұмысқа орналасты.

«Еңбек» бағдарламасы аясында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары қарастырылған. Арнайы жұмыс орны жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау үшін кемінде он екі ай мерзімге құрылады.

  • Жақында Ақтөбе қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы 2 жұмыс орны ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігіне жұмыссыз 1-топ мүгедегі объектілерді бақылау маманы ретінде бағытталса, «Б.Мырзағұлова» жеке кәсіпкерлігіне жұмыссыз 3-топ мүгедегі тігінші ретінде жұмысқа орналасты, — дейді А.Маханова.

Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы бағытталады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

БІЗДІҢ АҒАЙ

admin_mugalzhar

Теплица мала, но на отдачу щедра

admin_mugalzhar

Екі ауданда төтенше жағдай жарияланады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.