«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұрбол ИБРАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы ЖББОМ-нің директоры, ақын: ЖЕРЛЕСТЕР АТЫНАН СӨЗ СӨЙЛЕДІМ

Мен көрген ЕЛБАСЫ

«1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Президент болып тұрған кезінде Нұрсұлтан Назарбаев біздің ауданға бірнеше рет келіп, мұғалжарлықтармен кездескен екен. Сәті түскен сол Тұңғыш Президент іссапарларының куәсі болған аудан азаматтарының айтар естеліктері де ерекше. Сонымен… «

— ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы Ақтөбе қаласына іс-сапарымен келгенеді. Әрсалақызметкерлерінің басын қосқан шараға жергілікті ақын-жазушылардың, ұстаздардың атынан сөз сөйлеу бұйырып, мемлекет басшысының ерен iстерiне деген ризашылығымды өлең жолдарымен жеткiзгенiмдi мақтанышпенескеаламын. Елдің ыстық сәлемін Елбасыға осылай жеткізгенмін. Бұл сирек сәтті естен шығару әсте мүмкін бе?! Мұғалжар топырағын тілге тиек етіп, жүрекжарды жыр жолдарын арнау өмірімдегі ыстық естеліктердің бірі болды. Елбасының сол сәттегі лебізімен үшін тарихи сәт десем де болады. Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тiлiмiз бен мәдениетiмiздi, әдебиетiмiздi сақтап, дамытудың маңыздылығын айтып, «Ұлттық салт-дәстүрлерiмiз, тiлiмiз бен музыкамыз, әдебиетiмiз, жоралғыларымыз, бiр сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгi қалуға тиiс», — деп нақ атап көрсеткен болатын. Олай болса, ұлт руханиятының дамуына сүбелi үлес қосу бәріміздің, соның iшiнде қағаз-қаламды серiк еткен бiздiң негiзгi мiндетiмiз болмақ.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

admin_mugalzhar

4 ЖЫЛДА: 427 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.