«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА ГЕМОДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

Қандыағаш қаласында Тəуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Ақтөбе облысының əкімі Оңдасын Оразалиннің бастамасымен «Қайырымды істер» марафоны аясында жəне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында гемодиализ орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин, “Medlife+” медициналық орталығының құрылтайшысы Күлбаршын Айдарханова жəне осы орталықтың меңгерушісі Олег Хан қатысты.

Енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар жол азабын тартып, өзге қалаларға сабылмай, жақын маңнан ем ала алады.
Науқастарға гемодиализ қабылдау үшін аптасына бірнеше рет ем алуға бару керек. Әрбір процедура 4-5 сағатқа дейін созылады. Ол кезде емделушілердің қаны арнайы сүзгі арқылы өтіп, тазартылады.

Диализ залы толықтай ең озық жапониялық «NIPRO» медициналық қондырғылармен толыққан. Емделушілер үшін 3 гемодиализ аппараты қолданылуда.
Жеке инвестордың қаржысына ашылған гемодиализ орталығы бүйрек жұмысын жақсартуға және вирусты гепатитке шалдыққандарға көмек көрсетеді. Гемодиализ орталығында жоғары білікті 7 маман қызмет атқарады. 18 науқасқа қызмет көрсететін орталық ем алушыларға тегін ыстық тамақ жəне көлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұнда Мұғалжар, Байғанин жəне Темір аудандарының тұрғындары ем алатын болады.
Қандыағаш қаласында ашылған гемодиализ орталығы «Жастық» мөлтек ауданы 2 ғимаратында орналасқан.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛІШЕРДІҢ БАЛАЛАРҒА ТАРТУЫ

admin_mugalzhar

УВЕКОВЕЧИЛИ ПАМЯТЬ ВРАЧА

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында былтыр 33 жаңа білім беру нысаны салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.