«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

1 наурызда tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды.

 

Байқауға 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады.

Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі: 

1.     Үздік телевизиялық сериал
2.     Үздік деректі фильм
3.     Үздік ақпараттық бағдарлама
4.     Үздік әлеуметтік жоба
5.     Үздік ток-шоу
6.     Үздік ойын-сауық бағдарламасы
7.     Үздік тележүргізуші
8.     Үздік тележурналист
9.     Үздік режиссерлік жұмыс
10. Үздік аймақтық телеарна

Биыл байқау бесінші рет өткізіледі. Ол алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

Өткен жылдар ішінде мыңнан астам журналист қатысуға өтінім беріп, 178 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 48 маманы ие болды.

Отандық үздік жобалар телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» сыйлығының мүсіншелеріне ие болады. Мүсінде тұмарды бейнелейтін және өз иесін қорғайтын түркі тұмары бейнеленген. Өз кезегінде «Тұмар» ұлттық сыйлығы табыс бейнесі мен болашаққа деген сенімді көзқарасқа айналды.

Жеңімпаздардың есімдері сәуір айында белгілі болады. Жеңімпаздар қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар 27 елге тікелей ұша алады

admin_mugalzhar

Наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері жоғары болады

admin_mugalzhar

Қазақстанда мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурыздан бастап күшіне енеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.