«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Роналду Пеленің рекордын жаңартты

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду голдар саны бойынша футбол королі Пеленің рекордын жаңартқаннан кейін пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Италиялық А сериясының 27-турында «Кальяриге» (3:1) қарсы матчта Роналду хет-трик жасап, карьерасында соққан голдар санын 770-ге жеткізді. Пеленің еншісінде 767 гол бар.

«Бүгін кәсіпқой карьерамда ресми 770 гол соққан сәтте, менің алғашқы сөздерім Пелеге арналады. Дүние жүзінде оның ойындары, мақсаттары мен жетістіктерімен тәрбиеленбеген бірде-бір ойыншы жоқ. Мен де солай өстім. Сондықтан мен Пеленің рекордын жаңартып, дүние жүзінде ең үздік сұрмерген атанғанымды түсінгенде қуаныш пен мақтанышқа бөленемін. Мадейрада өскенімде мұндайды армандамадым да.

Осы таңғажайып саяхатта менімен бірге болғанның бәріне рақмет. Командаластарыма, қарсыластарыма, әлемдегі әдемі ойынның жанкүйерлеріне және бәрінен бұрын отбасыма және жақын достарыма: сендерсіз қолымнан келмес еді, сеніңдер. Енді келесі ойын мен сынақтарды тағатсыздана күтемін! Кезекті рекордтар мен жүлделер! Бұл сапарым әлі аяқталған жоқ. Болашақ ертеңнен басталады, ал «Ювентус» пен Португалия әлі көп нәрсе жеңеді!», — деп жазды Роналду Instagram желісіндегі парақшасында.

Ұқсас ақпараттар

«SD FAMILY» ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Дәуренбек МӘМБЕТАЛИЕВ, Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті, дәстүрлі әнші: КӨПТІҢ АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗСЕМ ДЕЙМІН…

admin_mugalzhar

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.