«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Шалғай аудандарды интернетпен қамтуға британдық One Web компаниясы атсалысады

Басқосуда Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды

Премьер-министр Асқар Мамин One Web британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Миттал One Web жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

One Web жаһандық спутниктік желісі 1 200 шақырым биіктікте 18 орбиталық жазықтықта 648 спутниктен тұратын болады. 2021 жылдың соңында спутниктік желіні толық пайдалануға беру және оған Қазақстан аумағына қызмет көрсету жоспарланған.

«Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық ғарыш орталығы жанындағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында One Web спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы да әңгіме өзегені айналды. Оған қоса, Орталық Азия елдеріне кейіннен One Web спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.

Кездесуге стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Айта кетейік, One Web компаниясы интернет желісіне қолжетімділік пен деректерді жоғары жылдамдықпен беру (пайдаланушы терминалына 5-50 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құрайды.

Sputnik.kz

Ұқсас ақпараттар

ҚАРАКӨЛ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданы Жем қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.