«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

Ресейлік Forbes «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік» жыл сайынғы рейтингіне үміткерлер тізімін ұсынды. Тізімге ТМД-да бірінші болып «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) кірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол «Музыка» санатында Слава Марлоу, Клава Кока, Хаски, LOVANDA, Cream Soda, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Дорамен бірге ұсынылған. Қазақстандық Иманбек Зейкеновке сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болады.

Forbes рейтингіне 30 жасында кәсіби қоғамдастықта беделге ие болған және бүкілресейлік немесе тіпті жаһандық деңгейде танымал болған адамдар кіреді.

20 жастағы музыкант Иманбек Зейкенов беделді «Грэмми» байқауының сыйлығына ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ол SAINt JHN-ның «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін марапатталды. Оған дейін Иманбек Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Музыкаға қатысты барлық білімді өзі бетінше алған.

Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы стендап-комик, «Что было дальше» шоуының жүргізушісі Нұрлан Сабуров «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік» тізімін бастаған еді.

Forbes рейтингіне үміткер 100 адамды сарапшылар анықтайды. Кейін қазылар алқасы, редакция мен оқырман әр санатта үш үміткерден Топ-30-ды таңдайды.

Ұқсас ақпараттар

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды

admin_mugalzhar

Египеттен келген 25 адам карантинде жатыр

admin_mugalzhar

Экология министрі Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.