«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев несие тарихын сақтау мерзімін қысқартатын заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заң коллекторлық агенттіктерге борышкермен кез келген байланыс процесінің бейне және аудио жазбаларын жасауды міндеттейді. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі қарым-қатынасты немесе заңнаманы бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салынады.

Коллекторлық агенттіктер үшін олардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар да көзделген.

Негізгі жаңалықтардың бірі — несие тарихын сақтау мерзімін 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту болып табылады.

Парламент бұл заңды 2021 жылдың сәуір айының соңында қабылдаған болатын.

Ұқсас ақпараттар

ОРАЗА ҰСТАУ — САУАБЫ МОЛ ҚҰЛШЫЛЫҚ

admin_mugalzhar

150-ден астам жұмысшының талабы: Жалақы көтерілсін

admin_mugalzhar

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс мандатын кімдер иеленгені белгілі болды

admin_mugalzhar