«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Соңғы 3 жылда 187 бала өрт құрбанына айналған

Әр жылдары балалардың тентектігі мен қателігі салдарынан 300-ден аса өрт шыққан. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов осындай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ағымдағы жылдың 4 айында 64 өрт тіркелсе, 2020 жылы — 330, 2019 жылы 321 өрт оқиғасы тіркелген.

«Ең алдымен ересектер балаларға үйдегі сіріңкелердің ойыншық еместігін түсіндіруі керек, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерде, ойын-сауық орталықтарында, сауда орындарында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мамырдан тамызға дейін «Қауіпсіз балалық шақ», «Отсыз демалыс», «Менің қауіпсіз демалысым», «Оттан сақ бол!» деген сияқты акциялар өткізіледі. Шілде мен тамыз айларында «Сіріңке бір өмірдің бағасы» шарасы ұйымдастырылады. Табиғи өрт, темекіден болатын өрт бойынша түрлі акциялар өтеді», деді Б.Сыздықов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өрт салдарынан 17 бала көз жұмған, 27 бала терезеден құлаған. Бұл ретте ТЖМ өкілі ата-аналарды қауіпсіздік шараларына баса назар аударуға шақырды.

egemen.kz

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде саяжайға автокөлікпен баруға рұқсат алғысы келетіндер кезекке тұрды

admin_mugalzhar

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық «Сиқыршыны» нокаутқа жіберді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.