«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық санақ: ӘР АДАМ МАҢЫЗДЫ

Биыл елімізде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өтеді. Соңғы науқан 2009 жылы өткізіліп, келесісі 2019 жылы өтуі керек болатын. Алайда санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды. Кейіннен өткен жылғы бүкіләлемдік коронавирустық инфекцияның таралуына және енгізілген шектеулі карантиндік шараларға байланысты санақ биылға шегерілген еді.

Жалпы екі кезеңнен тұратын санақтың бірінші, яғни дайындық кезеңі маусым айының 1 мен 30 аралығында өтіп жатыр. Аудан бойынша 17 тіркеуші, 2 нұсқаушы-бақылаушы, 4 нұсқаушы бар. Бекітілген тіркеушілер өздеріне міндеттелген тіркеу учаскілері бойынша үйүйді аралауда. Әр тіркеушіге 1 ай уақыт көлемінде 1200 нысаннан берілді. Әр тіркеушінің жеке құралдары, яғни суреті бар куәлігі, санақ логотипі бар көк түсті шарф пен портфелі және де электронды планшеттер бар. Яғни бұл дегеніміз сұхбат алушылар үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді. Тіркеушілердің басты сұрағы — әр үй-жайда қанша адам, кімдер тұратындығы және үй иесінің кім екенін анықтау болып табылады.

— Негізгі кезең уақыты 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Биылғы жылдың ерекшелігі сол — онлайн санақ өткізу туралы 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастау туралы шешім қабылданды. Ол 15 қазанға дейін мамандандырылған sanaq.gov.kz веб-сайтында жұмыс істейді. Сайт тәулік бойы ашық болады. Кез келген азамат орналасқан жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегімен санаққа өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнамалар толтыру арқылы қатыса алады, — дейді Қандыағаш қаласы бойынша ұлттық халық санағының жауапты маманы Эльвира Амиралина.

Ал дәстүрлі үй-үйді аралау, онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамту мақсатында биылғы жылдың 1-30 қазан аралығына қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілетін болады.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ҒҰЛАМАЛАР ШЫҚҚАН ӨЛКЕ

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

2025 жылға дейін жолаушылар теміржол паркі 600 жаңа вагонмен толығады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.