«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БҮГІНГІ ТАҢДА АУДАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА. ДӘРІГЕРЛЕРДІ АЙТУЫНША, ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЕКПЕ АЛҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕР БАЙҚАЛМАҒАН.

Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілген 5090 доза вакцинаның 4142- сі тұрғындарға салынған. Ал Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұқарбаев коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстарының қарқын жүріп жатқанын жеткізді. Ембі аймағы бойынша 10500 адамғаекпесалужоспарланған. Бүгінгі күнге дейін аталмыш аймаққа вакцинаның 1-ші компоненті бойынша 3530, 2-ші компоненті бойынша 3030 дозасы жеткізілген.

— Бүгінде тұрғындарға «Спутник V», «Hayat-Vax» және «QazCovid-in» вакциналары салынуда. Екпе алушылар өз еріктерімен келіп жатыр. Жеткізілген бірінші компонент бойынша 3423 адамға, екінші компонент бойынша 1878 адамға екпе салынды. Ал қалғандарына дәрігерлер кезең-кезеңімен салып жатыр, — деді Ерлан Бұқарбаев.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

iPhone-да қазақ тілі пайда болады

admin_mugalzhar

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

admin_mugalzhar

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

admin_mugalzhar