МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒА БЮДЖЕТ АЛДЫНДАҒЫ БЕРЕШЕГІНІҢ КӨЛЕМІ 230 890 993 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ НЕГІЗГІ САЛЫҚ БЕРЕШЕГІ — 179 649 543 ТЕҢГЕ.
Жоғарыда аталған қыруар қаржының 211 539 440 теңгесі заңды тұлғалардың салық алдындағы бережағы. Атап айтсақ, олардың ішінде «ЖанОйлКомпани», «Юбилейное», «КапиталСтройАктобе», «АбрисАктобе», «ТемирСервис», «Эн-Джин Продакшн», «Дәулет», «ПНП Ойл», «СәтСнабСтрой», «Лилит» және «КазБрендСервис» ЖШС-тері бар. Салық алдындағы берешектерді өндіру бойынша банктік шоттардағыақшаесебіненсалық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары, кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатылған.
— Қазіргі уақытта «Юбилейное» ЖШС-і Мұғалжар ауданында қаржы-шаруашылық қызметін жүргізбеуіне және бюджет алдындағы салықтық міндеттемелерді орындай алмауына байланысты дәрменсіз салық төлеуші болып табылды. Мұғалжар ауданы бойыша мемлекеттік кірістер басқармасымен «Юбилейное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» заңнамасына сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қабылдануда. «ЖанОйлКомпани» ЖШС-де жоғарыда көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары жүргізілді, — дейді Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айбол Жұмабаев.
Сондай-ақ ол аудан аумағындағы мұғалімдер мен дәрігерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың, жұмыссыз азаматтардың, «Жастар тәжірибесі» практикасын өтетін мамандардың, «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушылардың жалақысы мен жәрдемақысы және аз қамтылған отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмектің жергілікті бюджетке түсетін салық берешегінен аударылатынын жеткізді.
Бүгінде жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікке төлейтін салықтары мен жер телімдерінің берешектері толығымен өндірілген. 2020 жыл үшін төленетін көлік құралдары салығының мерзімі 2021 жылдың сәуіріне дейін болып өзгертілген. Яғни 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап көлік құралдары салығы 14 593 401 теңгені құрап отыр. Көлік құралдары салығын уақытында төлемеген салық төлеушілерден көлік құралдары салығын өндіру мақсатында жол полиция қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізілген. Сонымен қатар жеке сот орындаушыларға жыл басынан 783 хабарлама жолданып, 196 хабарлама орындалған.
Н.КЕСІКҚҰЛ