«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент COVID-19-бен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің үстемақысы мәселесіне тоқталды

Президент COVID-19-бен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің үстемақы мәселесіне тоқталды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, пандемиямен күресте жүйелік және ынталандыру іс-шараларына 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Вируспен күрес – уақытша норма екендігін алға тартқан президент індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медқызметкерлердің үстемақысына тоқталды.

“Індетті жеңу жолындағы нормалардың уақытша екендігін тағы да қайталап айтамын. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты басқа басымдықтарға да жұмсалуы тиіс. Осы орайда медицина қызметкерлерінің жұмысы әр уақытта кәсіби қауіптілікке толы екендігі белгілі. Сондықтан вакцинацалаудың артуына орай үстемақы да эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қолдау және ынталандырудың жүйелі іс-шараларымен орны толтырылуы тиіс”, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еңбекақыны біртіндеп арттыру да медқызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі үшін базалық шараға айналуы мүмкін. Үкіметке шешім қабылдауға екі ай мерзім берілді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда вакцинация төлқұжаты өзгерді

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_mugalzhar

МҰҚТАЖ ЖАНДАР ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar