«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектептер дәстүрлі оқу форматына көшпек

Педагогтар мен қызметкерлерді 100% вакциналаумен қамтамасыз еткенде ғана, мектептер дәстүрлі оқыту форматына көше алады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Ал жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс деді. Кеңес мүшелері офлайн оқуға оралу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек деп отыр.

“Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды”, – дейді ҚР ДСМ бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов.

Ал Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, 1 қыркүйектен бастап, 7,5 мыңға жуық мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған «Жол картасы» аясында биыл 200 мектеп салу және 1 мың мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.

“Барлық мектептерде талаптарды сақтау үшін әр сыныпта 25 баладан аспайтын талаптар қойылды. Әр ата-ана санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауы үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде”, – дейді ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова.

Ұқсас ақпараттар

WhatsApp начнет работать на нескольких устройствах сразу

admin_mugalzhar

«ШУАҚ» АУЫЛЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

ҮШ ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСҚАН МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.