«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталады

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталады. Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады. Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тапсыруы қажет. Егер талапкер «Алтын белгі» иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда, басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай артықшылықтар қарастырылған. Талапкерлердің мұндай жетістіктерінің ескерілуі үшін құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші сертификаттың атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді. Сонымен қатар биыл білім беру гранттарын бөлу кезінде ҚР БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді.

Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-і көзделген. ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер Ұлттық жоғары оқу орындарына түсе алады. «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

ЕКПЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген «Виртуоздар» телешоуында қазылық етіп жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.