«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Диетолог күнде жеуге болатын нанды атады

Маман нан артық салмаққа айналмай, ағзаға пайдалы болуы үшін барынша мұқият таңдау керек деп отыр

Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Елена Соломатина қандай нанды күн сайын жеуге болатынын айтты, деп жазады Sputnik радиосы.

Маман нан артық салмаққа айналмай, ағзаға пайдалы болуы үшін барынша мұқият таңдау керек деп отыр. Айтуынша, құрамында қант пен маргарин болмағаны дұрыс.

«Қант нанның калориясы мен қандағы глюкоза деңгейін арттырады. Әсіресе, артық салмағы барлар мен диабетке шалдыққандар үшін зиян. Біз қантты көп жейміз, бірақ аз қозғаламыз. Қалдықтары май ретінде жиналып, ағзаны бұзады. Кейде нанға глютен мен балауыз қосады. Ал ол мөлшерден тыс болса, ішекке зиян келеді», – деді дәрігер.

Диетологтың ойынша, үгілмелі және қатпарлы қамыр ең зиянды саналады. Сондықтан олардан пісірілген нанды жиі жеуге болмайды.

«Мұндай қамырда қант пен майдан бөлек маргарин болады. Ал оның құрамында трансмайлар бар. Мереке күні торттың бір тілімін жеуге болады, алайда күн сайын әдетке айналдырмаған жөн», — деді ол.

Тұтас дәнді нан таңдауға тырысу керек.

«Қамырдың құрамы барынша қарапайым болуы тиіс: ұн, су, кейде тұз. Тұтас дәнді ұннан пісірілген қара нанды күнде жеуге болады.  Ал құрамында Е сынды азық-түлік қоспалары көп болса, бас тартқан дұрыс», – дейді маман.

Диетолог мөлшерін сақтаса, наннан пісірілген тағам пайдалы деп отыр. Сондықтан арықтағысы келетіндер де кейде жеуі керек.

sputnik.kz

Ұқсас ақпараттар

Елімізде жұмысынан шығып қалған 82 мың адам жәрдемақы алды

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға көмек көрсетеді

admin_mugalzhar

Ашық көрсетілімде болмаған қазақстандық тарихи фильмдер эфирден беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.