«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Лионель Месси «Барселонадан» кетті

Әлемнің ең үздік шабуылшыларының бірі, аргентиналық Лионель Месси «Барселона» футбол клубынан кетті. Ол Испанияның бұл клубында 21 жыл доп тепті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Шілдеде Мессидің келісімі аяқталды. Клуб басшылығы жаңа келісімге отыру «қаржылай және ұйымдастыру қиындығына байланысты мүмкін емес» деп хабарлады.

Sports.ru басылымының мәліметінше, 34 жастағы шабуылшының клубтан кетуіне «Барселонадағы» қаржы қиыншылығы себеп болған. Коронавирус пандемиясы кезінде клуб табысы едәуір кеміген. Өткен маусымда «Барселона» футболшылар жалақысына 671 миллион евро жұмсаса, енді клуб 383 миллионға шектелуге мәжбүр.

Месси командада жылына 90 миллионнан астам евро алып келді. Былтыр ол жалақасы жоғары футболшылар тізімінде бірінші орында тұрды. Хабарларға қарағанда, аргентиналық футболшы «Барселонада» қалу үшін жалақыны екі есе азайтуға дайын болған, бірақ клуб оны да төлей алмай отыр.

Лионель Месси «Барселонаға» 2000 жылы 13 жасында келген. Төрт жылдан соң ол команданың негізгі құрамында ойнады. Месси «Барселонада» 520 ойын өткізіп, 474 гол соқты. «Барселона» сапында он мәрте Испания чемпионы атанды, жеті мәрте ел кубогын жеңіп алды, төрт рет УЕФА Чемпиондар Лигасын бағындырды. Месси «Алтын допты» алты мәрте алды.

Ұқсас ақпараттар

ЖОБАЛАРҒА ДЕМЕУШІ ТАБЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.