«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бақыт деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 45-орынға ие болды

Бақыт деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 149 елдің ішінде 45-орынға ие болды. Бір жыл ішінде еліміз өз позициясын 5 сатыға жоғарылатты (бір жыл бұрын 50-орында болған), деп хабарлады ranking.kz.

Сонымен қатар ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан тұрғындары қазақстандықтарға қарағанда бақытты болып шықты. Рейтингте Қазақстаннан кейін Молдова, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Түркіменстан мен Украина тұр. Әлемдегі ең бақытты елдер Финляндия, Дания және Швейцария болды. Рейтинг бойынша соңғы орында Ауғанстан тұр.

Рейтингте елдер әл-ауқат, жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүру ұзақтығы, қауіпсіздік, азаматтық бостандықтың болуы, тұрақтылық, сыбайлас жемқорлық деңгейі және басқа да көптеген көрсеткіштер бойынша бағаланды.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН 6 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

admin_mugalzhar

Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндеттелді

admin_mugalzhar

НУЖНАЯ ПОМОЩЬ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.