«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

145 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ

Өткен аптада ауданда коронавирус инфекциясын 145 адам жұқтырған. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 8 адам сырқаттанып қал ған. Үй карантинінде 705 адам қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда отыр.

Аудандық санитариялық дәрігерлердің берген мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен 16 науқас, коронавирусты пневмония диагнозымен 15 науқас ем қабылдауда. 2021 жылы аудан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам көз жұмды.

— Коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін халық жаппай екпе алулары қажет. Вакцинация- пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Бүгінде екпе жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Коронавирус инфекциясы ағзаны әлсіретіп, адамның көптеген дене мүшесін зақымдайды. Созылмалы ауруларды асқындырады. Осыны ескеріп, ауырмаудың жолын таңдағанымыз жөн. Тұрғындардың белгілі пайызы екпе қабылдаса, ұжымдық иммунитетіміз қалыптасып, ауруды жеңіп шыға аламыз, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев.

Н. ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА ЕКІ АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан төлем картасы арқылы ақша аудару ережесін қатаңдатты

admin_mugalzhar

АҒАШ ТАМЫРЫМЕН, АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҚТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.