«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

11254 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ САНАҚТАН ӨТТІ

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында елімізде жалпыұлттық халық санағы өтуде. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұраны аясында ұйымдастырылуда.

Халық санағы бойынша жалпы аралау белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілуде.

1 қазаннан басталған дәстүрлі санақтан Мұғалжар ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 11254 адам, ал онлайн санақтан 26057 адам өтті. Халық санағы кезінде ауданға қарасты қалалық және ауылдық округтерде 76 сұхбатшы мен оларды бақылайтын 11 нұсқаушы-бақылаушы жұмыс жасауда.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.