«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҒАБҰЛАҚТА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданына арналған жұмыс сапары аясында Жағабұлақ ауылында болды. Сапар барысында облыс әкіміне Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Бокашев «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Жағабұлақ ауылының Н.Қаржаубаев, Мектеп, Жастар, Саға, Жеңіске 40 жыл көшелері жолдарына жүргізілген жөндеу жұмыстарымен таныстырды.

Жөндеу жұмыстары жүргізілген 5 көшенің жолдарына жаяу жүргіншілер үшін жолды, жол ережелеріне сәйкес еркін кесіп өтулеріне жағдай жасау мақсатында жол белгілері орнатылған.

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.