«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САНЖАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Әли Санжар дзюдодан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрама команда сапында 1-4 желтоқсан күндері Ливан мемлекетінің Бейрут қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдені қанжығасына байлады.  50 келі салмақта сынға түскен Санжар ел намысын абыроймен қорғады. Жаттықтырушысы қазақ күресі, дзюдо, самбодан Қазақстан Республикасының Спорт шебері Нұрсұлтан Иманғазин.

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.