Биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады деп мәлімдейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы Sputnik Қазақстанның жасаған мәліметіне сілтеме жасап mugalzhar.kz/newdemo хабарлайды.
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні – Қадір түні.
Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.
Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. «Арафа» мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.