«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесті

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауырханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін сағат 10:00-де Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақатын алған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ колледжінің 2 курс студенті жеткізілді.

«Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университінің 2 курс студенті ұсталды. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, 5 ақпан күні студенттер арасында төбелес болды. Оқиға Қ.Жұбанов университетінің жатақханасының маңында тіркелген. Пышақ жарақатын алған студентке ота жасалып, ауруханада ем қабылдап жатыр.

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.