«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апаты болып, салдарынан 4 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 25 ақпанда сағат 13:00 шамасында Өлке кенті ауданындағы «Қарабұтақ-Қостанай» автожолында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, армян есебіндегі «Honda» (минивэн) автокөлігі қарсы келе жатқан жолаққа шығып, Volvo (фура) жүк көлігімен соқтығысқан. Volvo тізгінінде Алматы облысының 52 жастағы тұрғыны болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Honda» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жолаушылар Тәжікстан азаматы екені анықталған.

tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.