«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұр-Сұлтанда коронавирустан емделіп жатқан 10 адам үйлеріне шығарылмақ

Бүгін елордада коронавирустан емделіп жатқан 10 адам үйлеріне жіберіледі. Бұл туралы Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды.

«Зертханалық жолмен коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 науқас бүгін үйлеріне жіберіледі. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, Ешқандай шағымдары жоқ. Зертханада екі рет қайталап тексерілді. Олар ауруханадан шыққан соң екі апта бойы үй жағдайындағы карантинде болады», — деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының башсысы Сәуле Қисықова.


inform.kz

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.