Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 465 тәртіп бұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды mugalzhar.kz/newdemo тілшісі.
Барлығы ТЖ режимін бұзудың 465 фактісі анықталды. 92 адам қамауға алынды, 146 адамға айыппұл салынды, 152 ескерту жасалды, 40 материал сотқа жіберілді.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 26 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды.
Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 25 анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 8 айыппұл салынды және 13 ескертілді.
Мысалы, Ойыл ауданының 36-жастағы тұрғынына, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды, ол Аманкелді ауылынан шығып, Ойыл ауданының Көптоғай елді мекенінен блокпост айналып өтіп, аудан орталығына келген. Әкімшілік сот ауыл тұрғынын 2 тәулікке әкімшілік қамауға алды.