«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Таиланд коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты

Таиланд коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты. Ол тағы бір айға, яғни 31 қазанға дейін созылады. «Төтенше жағдай режимі осымен алтыншы рет ұзартылып отыр. Ол әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың әлі жақсармай тұрғандығына байланысты қабылданды. Әлемде 33 млн-нан астам адам ауруды жұқтырып, бір миллион адам қайтыс болды», — деді Коронавирустық инфекциямен күрес ұлттық орталығының баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин. Соңғы мәліметтер бойынша Таиландта 3,5 мың адам коронавирус жұқтырған, 59 адам көз жұмды.

Ақпарат көзі 24.kz

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.