«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл коммуналдық қызметтер бағасы қалай өзгерді

Қазақстанда 2020 жылдың тамызында коммуналдық қызметтер – тұрғын үй қызметтері, су, электр қуаты, газ және басқа отын түрлері өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 2,5% өсті, деп хабарлады energyprom.kz.

Өңірлер арасында бағаның айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан облысында (6,8%), астанада (5,2%) және Атырау облысында (4,2%) тіркелді. Тек Ақтөбе облысында бағаның сәл төмендеуі байқалады – 0,7%. Қалдықтарды жинау (11%) және электр энергиясы (4,8%) тарифтері айтарлықтай өскен. Сондай-ақ тұрғын үйді күтіп ұстау (0,4%) және газбен жабдықтау бағасы (0,3%) қымбаттады. Өз кезегінде кәріз құбырлары қызметі (3,1%), орталықтан жылыту (2,9%), салқын су (2,1%) және ыстық су (1,3%) бағасы арзандады. Орталықтан жылыту тарифтері тамыз айында бір Гкал үшін 3,3 мың теңгені құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3% төмен. Жылу энергиясы Шымкент пен Атырау тұрғындары (бір Гкал үшін 5,1 мың теңге) және алматылықтар (1 Гкал үшін 5 мың теңге) үшін қымбат. Ең арзан баға Көкшетауда тіркелген (1 Гкал үшін 1,6 мың теңге).

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.