«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев мемлекеттік туға қатысты заңды өзгерту керегін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау керегін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.