«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Өткен аптада аудан бойынша коронавирусты инфекция жағдайы тіркелген жоқ. Дегенмен бір науқас COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Тіркелген науқастар арасында балалар жоқ. Үй карантинінде бір науқас қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда.

Ауданда коронавирустық пневмония белгілерімен вирус сәйкестендірілмеген 75 науқас тіркелген. Оның 72-і жазылып шығып, 3 науқас емін жалғастыруда. Бұл туралы аудандық бас санитар хабарлады. — Бүгінгі күнге Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекциясының вирус сәйкестендірілмеген диагнозымен Мұғалжар аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімінде 2 науқас, ал Ембі аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімінде 1 науқас ем алуда. Жыл басынан бері ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 173 жағдайы тіркелді. Тіркелген 173 жағдайдың 49-ы клиникалық симптомдары бар, 124 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Оның 167- сі жазылып шықты. Жүргізіліп жатқан карантиндік іс-шаралар қатаң түрде сақталса, аудан аумағында карантин режимінің енгізілуінің алдын ала аламыз, — дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Болатбек Шағалбаев.

Н.ТІЛЕП

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.