«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НҰРТАС — КƏСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЕЛДІГІН ЖЕҢІП АЛДЫ

 

Жерлесіміз Нұртас Əжбенов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, «WBC Asia Continental» белдігін жеңіп алды.
Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Нұртас Əжбенов ресейлік қарсыласы Евгений Смирновты 10 раундтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша ұпай санымен ұтты.

Бұл Нұртастың кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі. Оның ішінде 4 жекпе-жегін мерзімнен бұрын жеңіспен аяқтады.
Айта кетейік, Нұртас Əжбенов Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Жаттықтырушысы Аманкелді Усенбаев.

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.