Қазақстан Республикасының электронды үкіметі істен шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz/newdemo сайты.
Қазіргі таңда жүйедегі ақауларға байланысты азаматтарға электронды қызмет көрсетіліп жатқан жоқ. Алдағы уақытта олқылықтар жөнделіп, қажетті шаралар қабылданады.
«Құрметті азаматтар! Бүгін сағат 9:10-нан бастап ҚР ІІМ ӘПК-нің мамандандырылған ХҚО-да мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті сервистерінде уақытша қолжетімсіздік байқалуда. Қазіргі уақытта мамандар техникалық ақаулықтарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп хабарлады электронды үкімет.