«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елордада Мұғалжар көшесі жартылай жабылды

Елордадағы Мұғалжар көшесінде жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Биыл 10-16 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мұғалжар көшесінің Керей, Жәнібек хандар көшесінен Қоңырөлең көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», ­– делінген көлік басқармасының хабарламасында.

24.kz

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.